Жыл аяғына дейін "Электронды емхана", "Электронды аурухана" ақпарат жүйелері іске қосылады. Медицина қызметкерлерін оны пайдалануға үйретеді. Бұған қоса, мекемелерге қажетті техника орнатылады.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қарақалпақстанда, 2026 жылдың аяғына дейін Өзбекстанның басқа да өңірлерінде медициналық сақтандыру енгізіледі.
"Сақтандыру аясында медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек беру ісі мемлекеттік бюджет есебімен жүзеге асады. Азаматтардан қосымша ақы алынбайды" деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.