Оның айтуынша, Жогорку Кеңешке осындай хат түскен. Алайда өтініш күн тәртібіне бірден ене қоймайды, дейді ол.
"Осы хатты бүгін таңертең жұмысқа келген уақытта көрдім. Мәселе күн тәртібіне бірден шығарыла қоймайды. Әуелі фракциялармен, олардың жетекшілерімен, депутаттармен талқылаймыз. Содан кейін ғана мәселенің күн тәртібіне қашан шығатынын хабарлаймыз".
Асқар Ақаев 1991-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болды. 2005 жылғы 24 наурызда "қызғалдақ революциясы" кезінде Қырғызстаннан Мәскеуге қашуға мәжбүр болды. Артынша президент қызметінен кетті. 2010 жылғы сәуір төңкерісінен кейін Ақаев Уақытша үкімет декретімен экс-президент мәртебесінен айрылды.
2021 жылы Ақаев екі мәрте Қырғызстанға келді. Оны ҰҚМК "Құмтөр" ісі аясында тергеуге шақыртқан.
1991 жылы Қырғызстан тәуелсіздік алғалы бері елді бес президент басқарды. Солардың екеуі ғана - Роза Отунбаева мен Сооронбай Жээнбеков экс-президент мәртебесін сақтап қала алды. Асқар Ақаев, Құрманбек Бәкиев және Алмазбек Атамбаев осындай мәртебен айрылды.