Олар Ситорамоны Тәжікстанға бермеуді өтініп, ол жақта азаптауға тап болуы мүмкін қауіпін жеткізді. Ибрагимова - Тәжікстанда "терроризм" бабымен 23 жылға сотталған Муродали Халимовтың әйелі.
Штаб пәтері Венада орналасқан "Еуразия үшін бостандық" құқық қорғау ұйымының басшысы Лейла Назгүл Сейітбек 3 қыркүйекте Озоди радиосына берген сұқбатында Тәжікстан билігі ұсынған құжаттарды зерттеп, оның негізсіз екеніне көз жеткіздік дейді.
"Сол себептен біз Бельгия үкіметінен Ситорамо Ибрагимованы Душанбеге экстрадицияламауды сұраймыз", - деді ол.
Сейітбектің сөзінше, тәжік билігі ұсынған құжатта сәйкес келмейтін тұстар өте көп. "Тәжікстан билігінің уәжі бойынша, Ибрагимова "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының мүшесі. Ал оның күйеуі Муродали Халимов Тәжікстанда "Ансаруллах жамағаты" ұйымына мүше болғаны үшін сотталған. Күйеуі мен әйелінің екі бөлек ұйымда мүше болуы мүмкін емес", - деді Сейітбек.
Ситорамо Ибрагимова қазір қамауда отыр. Бельгия соты оны экстрадициялау мәселесін қарап жатыр.
Оның төрт баласы бар. Бұдан бөлек оның сіңлісі У нее Нигора Саидованың екі қызын қарап отыр. 27 жастағы Нигораны Польшадан Душанбеге экстрадициялаған. Ол "терроризмге қолдау көрсетті" деген айыппен жеті жылға сотталды.