Ссылки доступа

Мирзияевтің күйеу баласы Азия олимпиада кеңесінің Орталық Азия жөніндегі вице-президенті болып сайланды

 Отабек Умаров
Отабек Умаров

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кенже қызының күйеу баласы Отабек Умаров Азия олимпиада кеңесі Орталық Азия жөніндегі вице-президенті болып сайланды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нью-Делиде Азия олимпиада кеңесінің 44-бас ассамблеясында ұйым басшылары сайланды. Раджа Рандхир Сингх кеңестің президенті, ал Отабек Умаров Орталық Азия жөніндегі вице-президенті қызметіне кірісті.

Умаров осының алдында Ташкентте 2025 жылы Азия жасөспірімдер ойынын өткізу жөніндегі вице-президент қызметін атқарған.

Бас ассамблеяда сөйлеген Умаров Азия спортын әлем мойындағанын, бұған Париждегі Олимпиада ойындары дәлел болатынын айтты.

XS
SM
MD
LG