Ссылки доступа

Душанбеде бас мүфтиге шабуыл жасалды


11 қыркүйекте Душанбеде Тәжікстанның бас мүфтиі Саидмукаррам Абдулкодирзодаға шабуыл жасалды. Оқиға сағат 17:20 шамасында мешітте намаздан кейін болған.

Елдің ішкі істер министрлігі шабуыл жасаған адамның ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бірақ күдікті жайлы мәлімет бермеді.

"Шабуыл жасаған адамның тәртіпсіздік нәтижесінде С.Абдулкодирзода жеңіл жарақат алып, медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді", - деген мәліметте.

Саидмукаррам Абдулкодирзода өзі "қауіптенуге негіз жоқ, денсаулығым жақсы" деп сұқбат берген.

61 жастағы Абдулкодирзода 2010 жылдан бері Тәжікстанда пәтуа шығаруға құқығы бар жалғыз мекеме - Ислам орталығының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып істеп келген.

XS
SM
MD
LG