Мекеме мәліметінше, қалада 8 имам міндетін дұрыс атқармағаны үшін жұмыстан шығарылған. Бұған қоса, екі имам мен екі орынбасарға сөгіс жарияланған.
Діни басқармаға қатысы бар дереккөздің айтуынша, жұмыстан шығарылған имамдар арасында тұрғындарға жақсы таныс Рахматулла қари Термизи мен Абдухәкім қари Матқұлов та бар.
Дереккөз мәліметінше, қазір имамдарға бақылау орнатылған, олардың әлеуметтік желілердегі белсенділігі де тексеріледі.
Өзбекстан үкіметінің Дін істері жөніндегі комитеті шығарған жарлыққа сәйкес, елде тіркелмеген мешіттер мен діни оқу орындары жабылады. Дәстүрлі исламға жат діни ағымдардың жиындарын өткізуге де тыйым салынған.
"Танымал діни оқу орындары да жабылып жатыр. Мысалы, Ташкентте 18 ғасырда ашылған "Кукелдаш" медресесі баяғыда жабылып қалды. Ал оның Ескі қаладағы ғимараты сауда кешеніне айналды. Мекеме жетекшісі Абдхәкім қари Матқұлов жұмыстан шығарылып, құрметті ғалымдар кеңесіне ауыстырылды" дейді дереккөз.
Бұған дейін хабарланғандай, премьер-министр Абдулла Әріпов өткен үкімет жиналысында жөнделмеген 400-ден аса мешіт пен ғимаратты бұзу тапсырылған.