Құжаттың анықтамасында осындай қажеттілік биыл мамырдың аяғында Бішкекте шетел азаматтарына қарсы наразылықтан кейін туындағаны айтылған. Сол кезде 29 шетел азаматы дәрігерлер көмегіне жүгініп, 15 адам ауруханаға түскен.
Президент әкімшілігі ұсынған заң жобасы қабылданса, онда шетел азаматының денсаулығына ауыр зиян тигізген адам алты жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан, ал аса ауыр емес зиян тигізген адам бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айрылады.
Шетел азаматын алып қашқандар жеті жылдан он жылға дейін, мүлкін тонағандар бес жылдан сегіз жылға дейін сотталады.
Қырғызстан халықаралық университетінің шетел студенттері тұратын жатақханасында және Аламудун ауылындағы тігін цехындағы жаппай тәртіпсіздік 18 мамырға қараған түні болған.