Ссылки доступа

Өзбекстан мен Қырғызстан арасында тағы бір шекара бекеті ашылды (видео)


12 қыркүйекте Өзбекстанның Наманган облысында Қырғызстанның Жалал-Абад облысымен жалғастыратын "Үшқорған" шекара бекеті ашылды. Бұл туралы Өзбекстан кеден комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Үшқорған" бақылау-өткізу бекеті бір тәулікте орташа есеппен 10 мың ащаматты, 500-ден аса жүк көлігін, 300-ден аса жеңіл автокөлікті өткізе алады.

Шекара бекеті Қырғызстандағы Ош-Бішкек автожолына жақын орналасқан.

"Үшқорған-автожол" және "Кеңсай-автожол" бекеттерінің ашылуы Өзбекстанның Наманган облысы мен Қырғызстанның Жалал-Абад облсытарының тұрғындарына өте ыңғайлы. Бұған қоса, бекеттер Ферғана алқабында сауданы одан сайын қыздыра түседі.

Сонымен бірге бекеттердің ашылуы Өзбекстанда Қырғызстан мен Қытай бағытында туризмнің дамуына септігін тигізеді.

Дәл осы күні Әндіжан облысында "Қарасу" бақылау-өткізу бекеті ашылды. Ол 2010 жылдан бері жабық тұрған.

XS
SM
MD
LG