Ссылки доступа

Қырғыз саясаткері Әзімбек Бекназаровты қылмыстан түскен табысты заңдастырды деп айыптады


Қырғызстанда уақытша үкіметтің бұрынғы мүшесі Әзімбек Бекназаровты қылмыстан түскен табысты заңдастырды деп айыптады. Бұл туралы ҰҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

"2010 жылы сәуір оқиғасы кезінде Үкімет үйі мен банк ұяшықтарындағы ақшаны жымқыру оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу қылмысқа уақытша үкіметтің бұрынғы мүшесі Әзімбек Бекназаровтың қатысы барын анықтады" деп хабарлады арнайы қызмет.

Тергеу мәліметінше, Әзімбек Бекназаров ол ақшаға Ыстықкөлде, Бішкекте, Шу мен Жалал-Абад облыстарында жылжымайтын мүліктер сатып алған.

Соған байланысты 12 қыркүйекте Әзімбек Бекназаров ҰҚМК-ның тергеу изоляторына қамалған. Оған қандай бұлтартпас шарасы қолданылатынын сот шешеді.

Естеріңізге сала кетейік, Әзімбек Бекназаров "Кемпірабад ісі" аясында да сотталған. 14 маусымда Бішкектің Бірінші май аудандық соты осы іс аясында ұсталған 22 саясаткер мен белсендіні ақтап шыққан.

XS
SM
MD
LG