Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мәртебелі мейманды Регистан алаңында күтіп алды.
Reuters агенттігі мәліметіне қарағанда, Олаф Шольц Орталық Азияға алғашқы сапарын Қазақстан мен Өзбекстаннан бастайды. Себебі, Берлин Ресейдің Украинаға қарсы соғысына байланысты жаңа энергия көздерін пайдалануды іздеп жатыр. Неміс басылымдарының мәліметіне қарағанда, Германия мен Өзбекстан миграция бойынша келісімге келуі мүмкін.