Мәліметке қарағанда, сот осындай шешімді 24 тамызда қабылдаған, сол арқылы ҰҚМК тергеушісінің өтінішін қанағаттандырған. Сот шешіміне сәйкес, Ұлан Жапаров 19 қыркүйекке дейін үйқамаққа ауыстырылған.
Қырғызстан президентінің туысы ұсталғаны шілденің ортасында мәлім болған. Сол кезде ол алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынғаны айтылған. Ақпарат құралдарының бірқатарының дереккөздерге сүйене отырып хабарлауынша, ақша үшін биліктен жоғары қызмет ұсынып, бірақ уәдесін орындамаған.
Ұлан Жапаров осымен екінші мәрте ұсталып отыр. Бірінші рет ол 2023 жылғы шілдеде жемқорлық жасады деген күдікпен қолға түскен.
Мәліметтерге қарағанда, 32 жастағы Ұлан Жапаров президент Садыр Жапаровтың немере бауыры Рақымжан Жапаровтың үлкен ұлы.