Ссылки доступа

Өзбекстанда 65 мың доллардың контрафактілік тауарлары анықталды


Наманган қаласында дәрі-дәрмектердің заңсыз тасымалына тосқауыл қойылды. Бұл жөнінде Өзбекстанның бас прокуратурасы мәлімдеді.

Наманган қаласында жүргізілген рейд барысында 64,7 мың АҚШ долларының дәрі-дәрмегі сақталған қойма анықталған. Ұйымның дәрі сатуға лицензиясы болмаған.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

17 қыркүйекте Хорезм облысында құны 235 мың доллардың заңсыз дәрі-дәрмегі анықталған.

XS
SM
MD
LG