Ссылки доступа

Қырғызстанда импортталған дәрі-дәрмектен қосымша нарық салығы алына бастады


Қырғызстанда 18 қыркүйектен бастап импортталған дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардан қосымша нарық салығы қайтадан алына бастады.

Министрлер кабинетінің 27 тамыздағы №528 қаулысы бойынша осыған дейінгі жеңілдіктер жойылды.

Шетелден импортталатын 317 түрлі дәрі-дәрмекті қосымша нарық салығынан босату қаулысы былтыр 18 сәуірде бекітілген.

Қосымша нарық салығы 12% құрайды. Енді дәрі-дәрмек 12% қымбаттайды.

XS
SM
MD
LG