Ссылки доступа

Өзбекстанда рұқсатсыз халық емімен айналысқандар жауапқа тартылады


Өзбекстан парламентінің сенаты 21 қыркүйекте рұқсатсыз халық емімен айналысқандарды жауапқа тартуды көздейтін заң жобасын мақұлдады.

Енді рұқсатсыз халық медицинасымен айналысқандар ғана емес, осындай қызметі насихаттағандар да жауапқа тартылуы мүмкін.

Заң бұзған жеке тұлғаларға 15-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (5,1-6,8 млн сум немесе 400-530 доллар), ал қызмет өкілдеріне 20-25 АЕК (6,8-8,5 млн сум немесе 400-670 доллар) көлемінде айыппұл салынады.

Тәртіпті екінші мәрте бұзғандар айыппұл төлеп қана қоймай, 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Кейінгі уақытта әлеуметік желілерде ақылға қонымсыз емдеу әдістерін жарнамалау көбейіп кетті.

XS
SM
MD
LG