Ссылки доступа

Өзбек билігі 2025 жылға қарай 1,5 млн адамды кедейліктен шығаруды көздейді


Өзбекстан 2025 жылға дейін "Кедейліктен бақуатты өмірге" бағдарламасы арқылы 1,5 млн адамды кедейліктен шығаруды жоспарлап отыр.

Оған сәйкес, 2024 жылы 500 мың, 2025 жылы миллион адам көмек алады.

Бағдарлама аясында аз қамтылған отбасыларға ауыл шаруашылығы үшін 50 мың гектар жер бөліп беру жоспарланған.

Өзбек билігі 2024-2025 жылдары 14 мың гектар жерді бақшаға және 29 мың гектар жерді жүзім алқабына айналдырмақ.

2025 жылдан бастап тұрмысы төмен отбасылардың балалары балабақшаға тегін барады және оқушылар шығындары мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады.

XS
SM
MD
LG