Ссылки доступа

Ақылбек Жапаров апат қауіпі бар аймақтарда тұратын елді-мекендерді қауіпсіз жағдайға келтіруді тапсырды


Қырғызстан үкімет басшысы Ақылбек Жапаров мемлекеттік органдарға 2024 жылдың соңына дейін барлық үйлерді, оның ішінде апат қаупі бар аймақтарда орналасқан үйлерді қауіпсіз жағдайға келтіруді тапсырды.

"Қауіпсіз жағдайға келтіру табиғат апаты жағдайы бола қалған жағдайда мемлекет бюджеті жүгін азайтуға алып келеді", - деген үкімет басшысы.

Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажыкеевтің сөзінше, Қырғызстанда 2024 жылдың қыркүйегіне қарай 331 сел тіркеліп, оның салдарынан 5354 үй зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG