Ссылки доступа

Израиль армиясы Филадельфия дәлізін бақылауға алды


Египет пен Газа секторы арасындағы шекара
Египет пен Газа секторы арасындағы шекара

Израильдің қорғаныс күштері Газа секторы мен Египет шекарасындағы 14 шақырымдық буферлік аймақ болған Филадельфия дәлізін бақылауға алды. Бұл жөнінде Израильдің ақпарат құралдары әскери мәлімдемеге сілтеме жасап хабарлады.

Буферлік аймақта израиль әскері Газа мен Египет арасындағы 20 туннелді және ХАМАС тобының содырлары қолданған 80-нен астам туннел шахтасын тапқан. Әскерлер Египеттен Газаға алып баратын туннелдер жихадшыларды қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырған дейді.

Израиль Филадельфия дәлізін Осло келісімінен кейін, 1995 жылдан бастап 2005 жылы Израиль әскері Газа секторынан толық шығып кеткенге дейін бақылап тұрған. Одан соң Израиль армиясы шекараны бақылауды Египет тараптан Египетке, Палестина тараптан Палестина билігіне өткізіп берген.

Палестина билігі 2007 жылы ХАМАС билікке келгенге дейін шекараны бақылап тұрған.

Израиль Газадағы әскери операция аясында Филадельфия дәлізін бақылауға алуды көздеп жатқаны жыл басында белгілі болған.

Филадельфия дәлізі Газа оңтүстігіндегі Рафах қаласынан өтеді.

Израиль армиясы 27 мамырға қараған түні Рафахқа соққы жасағанда, ХАМАС бақылайтын Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі мәліметі бойынша, кемінде 45 адам қайтыс болып, жүздеген адам жараланған.

XS
SM
MD
LG