Ссылки доступа

Әлемде ондаған компания Microsoft жүйесіндегі ақауға байланысты жұмысын тоқтатты


Әлемдегі әуежайлар, вокзалдар, бакнтер және басқа да мекемелер Windows жүйесіндегі ақауға байланысты жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

АҚШ, Түркия, Үндістан, Австралия, Германия және Испаниядағы әуе компаниялары, сонымен бірге Ұлыбританиядағы темір жол вокзалдарының жұмысы шектелді. Sky News телеарнасы эфирге шыға алмай қалды.

Microsoft корпорациясының хабарлауынша, Windows 10 операциялық жүйесіндегі қателік CrowdStrike антивирусын жаңалаудан туындаған. Компания ешқандай кибершабуыл болған жоқ деп отыр.

Frontier әуе компания бірнеше рейсті қысқартқан. Компания жолаушыларға шығынды өтеп беретінін мәлімдеді. АҚШ азаматтық авиациясының мәлімдеуінше, United Airlines, Delta Airlines және American Airlines әуе кмопаниялары ақауға байланысты ұшуды уақытша тоқтатуға мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG