Ссылки доступа

Ереван: полиция бөлімінде граната жарылды


Ереван, 24 наурыз, 2024 жыл
Ереван, 24 наурыз, 2024 жыл

Арменияда 24 наурызда полиция бөлімшесіне үш адам шабуыл жасады деп хабарлады Азаттықтың армян қызметі.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нарек Саргсян шабуыл жасаған үш адамның екеуі "өз қаруынан" зардап шеккенін жеткізді. Олардың бірі 52-де, екіншісі 56 жаста екені айтылады.

Оқиға Ереванның Нор-Норк ауданында болған. Ғимаратқа кіруге әрекет еткен үшінші адамның қолында граната болған. Ол ұсталған.

Шабуыл жасағандар қандай талап қойғаны әзірге белгісіз.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, ғимараттың ішінде жарылыс болған, терезелер шағылған.

XS
SM
MD
LG