Олар жалақысын екі ай дегенде әзер өндіріп алды. Еңбек мигранттары осы уақытта жат қалада өмір сүру үшін несие алуға мәжбүр болған. Мигранттар полицияға арызданғаннан кейін ғана жұмыс беруші айлықты төлеген.
Өзбек мигранттары Ресейдегі құрылыс компаниясына биыл мамырда жұмысқа тұрған. Оларға айлықты уақытылы төлеп отыруға уәде еткен. Бірақ жұмысшы мен жұмыс беруші арасында еңбек келісім-шарты да жасалмаған.
"Маған 108 мың рубль (шамамен $1100) қарыз. 150-160 мың рубль ала алмай жүргендер де бар" дейді құрылыс компаниясынан зардап шеккендердің бірі Дониёр Самандаров.
"Маған күнде 4200 рубль төлейміз деген. Мен 40 күн жұмыс істедім, бір тиын да алмадым" дейді тағы бір өзбек мигранты Мұрод Рахмонов.
Жалақының төленуін күтпей, басқа жұмыс іздеуге мәжбүр болғандар да бар. Бірақ көбісі бірден полицияға арызданған. Соның көмегі тиген. Жұмыс беруші іске құқық қорғау органдары араласқаннан кейін ғана айлықты төлеген.