Олардың ең жасы 52, ең кәрісі 74 жаста болған. Алтауы – әйел.
Өзбекстанның ресми билігі қажылық кезінде қайтыс болған адамдар туралы ешқандай мәлімет таратпады. Бұның алдында жергілікті баспасөз 10 адам өлгенін жазған.
Өзбекстан мұсылмандары басқармасының мәліметінше, биыл 15 мыңнан аса өзбекстандық қажылыққа барған.
Сауд Арабиясы билігі кем дегенде 1301 адам қажылық сапар кезіндегі аптап ыстықтан өлгенін хабарлады. Марқұмдардың 83 пайызы қажылық сапар жасаушы ретінде тіркелмеген. Олардың бәрі Меккеде жерленген. Қайтыс болғандар арасында 660-тан астам египет азаматы бар.
2015 жылы Минада 2400-ден аса адам аяққа тапталып өлген. Ал 1990 жылғы қайғылы оқиға кезінде қажылыққа барған 1426 адам тапталып қалған.