Ссылки доступа

ХАМАС Тель-Авивтегі жарылысқа қатысы барын айтты


Палестиналық "Ислам жихады" және ХАМАС радикал топтары жексенбі күні Тель-Авивтегі синагоганың жанында болған жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алды.

ХАМАС тобы АҚШ-та және Еуропа одағына мүше елдерде террорлық ұйым деп танылған.

Полиция мәліметіне қарағанда, жексенбі күні жарылғыш затты алып жүрген адам өліп, көшеде өтіп бара жатқан бірнеше адам жарақат алған.

Израиль бұл оқиғаны теракт деп танып, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Ислам жихады" мен ХАМАС Израильдің "адамдарды жаппай өлтіру бойынша оккупациялық саясаты тоқтамайынша" өздерінің "шейиттік операцияларын" жалғастыра беретінін білдірді.

XS
SM
MD
LG