Ссылки доступа

ХАМАС келіссөз жүріп жатыр деген аты ғана үшін келіссөз жүргізгісі келмейтінін мәлімдеді


Халықаралық мәселелерге қатысты келіссөздердің көбісі Дохада өтеді
Халықаралық мәселелерге қатысты келіссөздердің көбісі Дохада өтеді

ХАМАС басшылығы өкілінің BBC телеарнасына хабарлауынша, қозғалыс Газадағы бейбітшілік жөніндегі келіссөздерге қатысты деген аты үшін ғана қатысқысы келмейді.

ХАМАС пен Израиль арасындағы келіссөздер арағайындық етуші елдер көмегімен бейсенбі, 15 тамызда басталуы тиіс. Израиль келіссөзге қатысатынын растады.

ХАМАС өкілі "келіссөздер жүріп жатыр деген аты үшін ғана оған қатысқысы келмейтінін, бұл уақытта Израиль соны пайдаланып соғыс жүргізуін доғармайтынын" мәлімдеген.

Палестина жағы "жол картасын", талаптарды орындаудың нақты жоспарын көргісі келеді. Ол жоспар АҚШ президенті Джо Байденнің мамырдағы ұсынысы негізінде дайындалуы тиіс, дейді ХАМАС өкілі.

Келіссөздер Катар астанасы - Дохада өтеді. Бұған дейін мәлім болғандай, Дохаға "Моссад" барлау қызметінің басшысы Давид Барнеа, "Шин-Бет" қауіпсіздік қызметінің басшысы Ронен Бар, сонымен бірге Нетаньяху кеңесшілері мен Израиль қорғаныс армиясының өкілдері барады. Кездесуге Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернс те қатысады. Бұл туралы AFP агенттігі дереккөздеріне сүйене отырып хабарлаған.

XS
SM
MD
LG