Хантер Байден отбасын тағы бір ауыр қылмыстық іс машақатынан арылту мақсатында осындай қадамға барғанын айтты. Бірнеше ай бұрын ол қаруды заңсыз сатып алды деп танылған.
Артынша президент ұлына 1,4 миллион доллар көлемінде салық төлемеген деген айып тағылған. Осы іске қатысты алға билер құрамы жасақтала бастаған сәттен бірнеше сағат өткенде Хантер Байденнің айыпты мойындағаны мәлім болды.
Associated Press агенттігі хабарлағандай, қылмыстық істі қарау барысында Хантер Байденнің шетелде жасаған келісімдері жария болар еді. Республикалықтар ол мәліметтерді Байден отбасын жемқор деп көрсету үшін пайдалануы мүмкін.
Айыптау құжаттарына қарағанда, 2016-2020 жылдар аралығында Хантер Байден шетелде жасаған іскерлік келісімдері арқылы 7 миллион доллардан астам табыс тапқан. Президент ұлы салық төлеудің орнына, "миллиондаған долларды ауқатты өмірге жұмсаған" деп жазылған айыптау құжатында.
Судья айыптаудың тоғыз тармағының әрбірін оқыған уақытта Хантер Байден "кінәлімін" деп жауап беріп отырған. Содан кейін судья Марк Скарси айыпталушы Байден 15 жылға сотталуы, оған бір миллион доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екенін ескертіп, үкім шығатын күнді 16 желтоқсанға белгілеген. Марк Скарсиді осы қызметке кезінде бұрынғы президент Дональд Трамп тағайындаған.