Ссылки доступа

Израиль Газадағы әскерлерінің бір бөлігін шығарды


Израиль армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторының оңтүстік бөлігінде әскерлердің бір бригадасын ғана қалдырып, қалған жауынгерлерін шығарғанын 7 сәуірде жариялады. Хан-Юнисте соғыс операциясын жүргізген 98-дивизия төрт айдан кейін Газадан шығып кетті.

Израиль билігі жыл басынан бері армияға шұғыл шақырылғандарды босатып, Тель-Авивтің жақын одақтасы Вашингтонның қысымынан кейін Газа секторындағы әскерилерінің санын қысқартып жатыр.

Газа секторында оқ атуды тоқтату және ХАМАС (АҚШ және Еуроодақ террорлық деп таныған) радикал ұйымының кепілдікке алған тұтқындарды Израиль түрмесінде отырған палестиндерге алмасу туралы келіссөздер 7 сәуірде Каирде өтпек. Келіссөзге АҚШ, Катар, Израиль делегациялары және ХАМАС өкілдері қатысады. Вашингтоннан келген топты Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры Уильям Бернс жетекшілік ететіні осыған дейін мәлім болған.

Былтыр 7 қазанда ХАМАС содырлары Израиль оңтүстігіндегі қалаға шабуыл жасады. 1200 адам қаза болып, 250 адам тұтқынға алынған. Олардың жартысы босатылды, қалғандарының тағдыры белгісіз.

XS
SM
MD
LG