Ссылки доступа

41 шетелдік компания Ресейден Қазақстанға көшіп келді


Ресейден Қазақстанға жалпы құны 1,5 млрд доллардан асатын 41 шетелдік компания көшіп келді. Бұл туралы Астанадағы брифингте ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов хабарлады.

Вице-министрдің мәлімдемесін «Интерфакс» агенттігі жариялады.

Құдайбергеновтің айтуынша, үкімет шетел компанияларын елге көшіру жөніндегі жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тізімде 30-дан астам елдің 400-ге тарта компаниясы бар. "Құны 1,5 млрд доллардан асатын 41 компания бойынша нақты нәтиже бар: InDriver, TikTok және басқалары. Қадір 37 компания бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Олардың қандай компаниялар екенін әзірге айта алмаймыз» дейді министр. 37 компанияның жалпы құны 1 млрд долларға жуықтайтыны мәлім.

2023 жылғы мамырда Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Қазақстан 401 шетелдік компанияның көшіп келуіне мүдделі екенін, олардың бәріне шақырту жіберілгенін мәлімдеген.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін ірі компанялардың дені Ресей нарығынан кететінін мәлімдеді. Соғыс басталған бір жылдың ішінде компаниялардың 20 пайызы Ресейден кеткен. Олардың арасында ірі халықаралық компаниялар (Mercedes-Benz, Renault, Nissan, Mazda) да бар.

XS
SM
MD
LG