«Қазақстан Ресейдегі су тасқынына ықпал еттеді деу қате. Жалған мәлімет» деп хабарлады министрлік.
Бір күн бұрын Ресей президентінің Орал федералдық округындағы уәкілетті өкілі Владимир Якушев Қазақстандағы су қоймасынан су жіберу «келісімген болуі тиіс» деп мәлімдеген.
Сәуірдің басынан бері Қазақстан мен Ресейдің бірнеше өңірінде су тасып жатыр. Республикада он облыста төтенше жағдай жарияланған. Мәселен, су тасқынынан қатты зардап шеккен Атырау облысында ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынын көптеген жыл бойы болмаған «табиғи апат» деп атаған.
Ресейде 10 мыңнан астам тұрғын үйді басқан, бірнеше облыста төтенше жағдай жарияланған.