Саммит биыл маусымда Швейцарияда өтуі тиіс.
Осының алдында Украина президенті Владимир Зеленский Қытай басшысы Си Цзиньпинге ашық үндеу тастап, бейбітшілік саммитіне қатысуға шақырған.
Агенттік дереккөзінің айтуынша, Пекин өзінің осы саммитке қатысу талаптары орындалмауына байланысты осындай шешім қабылдаған. Қытай билігі осы саммитке Ресейді де шақыру керек деп есептейді. Алдын осындай ұсынысты Қытай сыртқы істер министрлігі де таратқан.
Мәскеу осы конференцияға шақыртылмаған, дегенмен Швейцария жанжалды реттеуге Ресей жағы да тартылуы тиіс деп есептейді. Мәскеудің бейбіт процеске кедергі келтіргенін Украина қаламайды, деп мәлімдеді Владимир Зеленский.
Ресей өкілдерін саммиттің келесі отырыстарына шақыру көзделген. Ресей болса шақырту алған күннің өзінде оған қатыспайтынын мәлімдеп отыр. Себебі Кремль Украинадан әскерды шығару мәселесін талқылағысы келмейді.
Швейцария сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, саммитке 160-тан астам делегация шақыртылған. «70-тен астам мемлекет бейбіт конференцияға қатысатынын растады, олардың көбісі саммитке президентті немесе үкімет басшысын жібереді» деп хабарлады Швейцария СІМ.