Ссылки доступа

Ливанда рациялар жарылып, 300-ге жуық адам жараланды


Ливанда 18 қыркүйектің кешінде "Хезболла" тобы қолданған рациялар жарылғанын қауіпсіздік органдарындағы бұлақтарына сүйеніп, Reuters агенттігі жазды.

Жарылыстар елдің оңтүстік аймақтарында және орталық қала Бейруттың оңтүстік жағында тіркелген.

Ливанның денсаулық сақтау министрлігі жарылыстардан кемінде тоғыз адамның өмірі қиылғанын, 300-дей адамның жарақат алғанын мәлімдеді.

Ливанда "Хезболла" тобының (АҚШ пен ЕО террористік ұйым деп таныған) мүшелерінің бір-бірімен хабар алмасатын пейджерлері мен рациялары жарылып, кемі сегіз адам қаза тапты. 2800 адам жараланды. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, "Хезболла" мүшелері смартфонның орнына қолданған құрылғылар Ливан астанасы Бейрутта және тағы бірнеше жерде жарылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендардің арасында "Хезболла" мүшелері және олардың отбасы мүшелері бары айтылды.

The Wall Street Journal дереккөздеріне сілтеп, "Хезболла" мүшелері бұл пейджерлерді жақында алғанын жазды. Ал топ өкілі пейджерлерде вирус болып, соның салдарынан құрылғылар қызып жарылуы мүмкін деп топшылады.

"Хезболла" Израильдың арнайы қызметтері тыңдамас үшін смартфондарды қолданудан бас тартқан еді.

Иран басылымдары мен "Хезболла" тобы бұл жағдайға Израильды кінәлады. Тел-Авив оқиғаға қатысты ештеңе айтқан жоқ.

"Хезболла" - Иран қолдайтын Ливандағы ірі топ. Қазір бұл ұйым Израиль мен ХАМАС тобы (АҚШ пен ЕО террорлық ұйым деп таныған) арасындағы соғыста ХАМАС-ты жақтайды.

XS
SM
MD
LG