Үш адамның жағдайы ауыр. Олардың арасында карнавалға кішкентай баласымен бірге келген 32 жастағы әйел де бар.
Полицияның 53 өкілі түрлі жарақат алған. Мереке кезінде 330-дан аса адам ұсталған. Оларға есірткі, қару сақтады, полиция мен жәдел жәрдем қызметкерлеріне шабуылдады, кісі зорлады, төбелес шығарды деген айыптар тағылған.
Афро-кариб мәдениетінің карнавалы Лондонның Ноттинг-Хилл ауданында 1966 жылдан бері өткізіліп келеді. Карнавал нәсілшілдікті азайту мақсатында ұйымдастырылған. Жыл сайын оған екі миллионға жуық адам қатысады. Кариб карнавалы әлемдегі ең ірі көше фестивальдарының бірі. Биыл ол 25-26 тамыз аралығында ұйымдастырылды.