Ссылки доступа

"Орыс еместің емдегенін қаламаймын". Тәжік дәрігерлер Ресейде ксенофобия күшейгенін айтты (видео)


Медики из Таджикистана, работающие в России, говорят о ксенофобии и оскорблениях в их адрес
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:59 0:00

Тәжік дәрігерлер Ресейде ксенофобия күшейгенін айтты

Ресейде 12 жыл бойы дәрігер болып істейтін Фаридун Тәжікстанда туған. Ол кәсіби қызметі үшін мақтау қағаз бен сыйлық көп алған, бірақ соған қарамастан әлі күнге дейін қоғамдағы ксенофобиядан арыла алмай жүр.

Фаридунның айтуынша, науқастар дәрігердің орыс еместігін көріп, оған жекіп сөйлейді, кейде балағаттайды. Дәрігер кейінгі уақытта Ресейге көшіп келгеніне өкініп жүр. Себебі "Крокус Сити Холл" концерт залына жасалған шабуылдан кейін осы елде еңбек мигранттарын тықсыру күшейді. Тергеушілер шабуылды Тәжікстанның бірнеше азаматы ұйымдастырды деп есептейді.

"Науқастар орыс дәрігер жоқ па деп сұрағанын өз құлағыммен талай рет естідім. Онсыз да оңып тұрған жоқ еді, "Крокустағы" жағдайдан кейін тіпті өршіп кетті. Енді олар бізді жек көретінін жасырмайды" дейді дәрігер.

Мигранты закрывают кафе и рестораны в России: много проверок после теракта, а поток клиентов упал
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

Ресейде нақты қанша тәжік дәрігері жұмыс істейтіні белгісіз. Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы ғана Ресейге бір жарым мыңға жуық медицина қызметкері көшіп кеткен. Олардың арасында 1180-нен аса медбике бар.

XS
SM
MD
LG