Ссылки доступа

Әнші Манижа соғысқа қарсы жаңа әнімен Ресейге оралды


Әнші Манижа Сангин
Әнші Манижа Сангин

Ұлты тәжік ресейлік әнші Манижа Сангин соғысқа қарсы ұстанымы үшін біраз уақыт шетелде тұруға мәжбүр болған. Тәжікстанда "Gun" деп аталатын жаңа ән жазған Манижа Мәскеуге оралды.

"Украинада, Ресейде, Израильде, Палестинадағы бейбітшілік туралы ән жазғым келген. Бейбітшілік жаңа ән жазуға шабыттандырған" дейді Манижа Reuters агенттігіне.

Әнші Тәжікстаннан Ресейге жаңа әнімен ғана емес, тағы бір қуанышты жаңалығымен оралды. Манижа екінші баласына аяғы ауыр. "Қыз бала дүниеге келмек. Тағатсыздана күтіп жүрмін. Маған қызыма қандай болашақты көрсету керектігін анықтауым керек. Сол себепті осы әнді Тәжікстан тауларында жазып шықтым".

Манижа Ресейде соғысқа қарсы шыққаны үшін "қара тізімге" енген көп әншінің бірі. Оған Ресей аумағында концерт беруге, байқауларға қатысуға тыйым салынған. Сол себепті ол шетелге кетуге мәжбүр болған.

Манижа Сангин соул және этно бағыттарында ән шырқайды. 2020 жылы ол БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары басқармасының ерікті елшісі атанған. 2021 жылы Манижа Ресей атынан Eurovision ән байқауына қатысқан.

XS
SM
MD
LG