Ссылки доступа

Стамбұлда жөндеу жұмысы жүріп жатқан түнгі клубтағы өрттен 30 адам қаза тапты


Стамбұлда 2 сәуірде өрт апатынан кемінде 27 адам қаза тапты. Өрт қаланың 16 қабатты ғимаратының жертөлесінде орналасқан Masquerade түнгі клубында тұтанғанын Би-Би-Си жазды.

Клубта жөндеу жұмысы жүріп жатқан және қонақтар үшін жабық болған.

Соңғы мәлімет бойынша, өрттен көз жұмғандардың бәрі жұмысшылар болған.

Стамбұл губернаторы Давут Гүл журналистерге ақпарат беріп, апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз екенін, тексеру жүріп жатқанын жеткізген.

XS
SM
MD
LG