Ссылки доступа

Англия ханшайымы Кэтрин қатерлі ісіктен химиотерапия курсын аяқтады


Англия ханшайымы, ханзада Уильямның жары Кэтрин Миддлтон видео үндеу жариялап, тоғыз айға созылған қатерлі ісіктен емделу курсын аяқтағанын мәлімдеді.

Қаңтар айында жасалған отадан кейін ол химиотерапия алуды бастағанын мәлімдеген. Ол наурыз айында қатерлі ісікке шалдыққанын, қазір химиотерапия курсын бастағанын, сол себептен біраз уақытқа дейін көпшілік алдына шықпайтынын жеткізген.

Кэтрин соңғы жасаған мәлімдемесінде, көпшілік алдына шығып, қоғамдық қызметімен айналысатынын жеткізді. Бірақ ол толыққанды емделу жолы ұзақ екенін, күтіну шараларын жалғастыратынын да айтты.

"Біздің отбасы үшін соңғы тоғыз ай оңғайға соқпады. Қатерлі ісікпен күресу – ұзақ, күрделі, үрей туғызатын және болжауға келмейтін жол. Бұл жол Уильям екеумізге әдетте көбіміз бағалай білмейтін әрбір қарапайым дүниеге алғыс білдіруді үйретті. Жәй ғана сүйіп, сүйікті болу маңызды", – деді ханшайым. Ол өзіне қолдау білдіргендердің бәріне ризашылығын жеткізді.

Биыл ақпан айының басында Ұлыбритания королі Карл III-те қатерлі ісікке шалдыққанын мәлімдеген. Патша сарайы сол кезде, королдің де химиотерапия курсын бастағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG