Сожида Саидмуродова "ірі көлемде алаяқтық жасады" деген айыппен былтыр қыркүйек айында қамалды. Көп өтпей оған қарсы "өз бетімен жер учаскесін басып алу және құрылыс істерін жүргізу, тергеу ісіне кедергі келтіру, жалған құжаттар әзірлеу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оның туыстары биыл ақпан айында тергеу істері созылып кетті деп наразылық білдірген. Озоди радиосының мәліметіне қарағанда, 65 жастағы Сожида Саидмуродова зейнеткер, еш жерде жұмыс істемейді.