Ссылки доступа

Путин: Батыс елдерінің тікелей араласуы Украинадағы жанжалдың мәнісін өзгертеді


Владимир Путин
Владимир Путин

Владимир Путин Киевке Ресейге қарсы алыс қашықтыққа ұшу зымырындарын қолдануға рұқсат беру НАТО елдерінің жанжалға тікелей қатысуына алып келетінін айтты.

Ресей президенті батыс елдері Украинаға Ресей аймағына соққы алуға рұқсат берсе, бұл соғыстың мәнісін өзгертіп, Ресейді жаңа шешім қабылдауға түрткі болатынын жеткізді.

Путин мәлімдемесі АҚШ пен Ұлыбритания арасында Украинаның алыс қашықтыққа зымыран қолдануда шектеулерді алып тастау бойынша талқылаулар жүріп жатқан кезде айтылды.

АҚШ президенті Джо Байден мен Британия премьер-министрі Кир Стармер 13 қыркүйекте Вашингтондағы кездесуінде бұл мәселені талқылайды.

XS
SM
MD
LG