Клюзов оқушылардың көбін мигранттардың балалары түзейтін Хилокс ауданындағы №66 мектепті мысал келтірді.
"Бұл мектепте көрші елдерден келген балалар көп оқиды. Олар орыс тілін жақсы білмеуі мүмкін. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар балаларын басқа мектепке ауыстырып жатыр", - деді Клюзов "Сибирь – территория мужества" атты бағдарламаға арналған баспасөз жиынында.
Оның сөзінше, мигранттардың балаларын "Юнармияға" жіберу арқылы оларға әскери -патриоттық тәрбие беру керек.
№66 мектеп – Новосибирсктегі ескі мектептердің бірі. Ондағы оқушылардың 75% мигранттардың балалары құрайды.