Ссылки доступа

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы үкіметтік емес ұйымдардың жабылуы жөнінде Душанбеден жауап алды

Мэри Лолор
Мэри Лолор

БҰҰ-ның құқық қорғаушылардың жағдайы бойынша арнайы баяндамашысы Мэри Лолор Тәжікстан билігіне елдегі 700 қоғамдық ұйымды жабу бойынша жіберген хатына жауап келгенін жеткізді.

Хат ресми Душанбеге биыл 16 ақпанда жөнелтілген және екі айдың ішінде жауап келуі керек еді. Онда тәжік үкіметінің соңғы бес жыл ішінде қызметі тоқтатылған қоғамдық ұйымдардың саны және елде құқық қорғаушылардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша көтеріліп жатқан шаралар жөнінде мәлімет беруі сұралған.

Лолор 8 мамырда Х желісіне елде тағы бір қоғамдық ұйымның жабылғанын хабарлады.

"Біз тәжік билігінен жауап алдық. Оны зерттейміз", - деді құқық қорғаушы.

Тәжікстанның әділет министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы 4,5 жылда Тәжікстанда 715 ұйым тіркеуден өтіп, 1103-і қызметін тоқтатқан. 2022 жылы 500 ұйым жабылып, 100-ден астам үкіметтік емес ұйымдардың ісі сот шешімі бойынша тоқтатылған.

Қазір Тәжікстанда 2 мыңға жуық қоғамдық ұйым жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG