Ссылки доступа

АҚШ Украинаға тағы 1,3 млрд доллардың әскери көмегін жібереді 


NASAM
NASAM

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі Украинаға берілетін кезекті әскери көмектің тізімін жариялады. 

Бұл жолы көмек USAI бағдарламасы аясында беріледі. Украинаға жеткізілетін қару-жарақ Пентоганның қоймаларынан алынбайды, оларды өндіру үшін зауыттарға тапсырыс беріледі.

Мекеме мәлімдемесіне сәйкес, бұл тізімге NASAMS үлгісіндегі төрт зениттік-зымыран кешені, оқ-дәрілер, артиллериялық снарядтар, Switchblade дрондары, порттарды қорғайтын құралдар және басқа да әскери материалдар кіреді.

Ресейдің Украинаға қарсы әскери агрессиясы басталғаннан бері Вашингтон Киевке жалпы 40 млрд долларға жақын әскери көмек көрсетті.

XS
SM
MD
LG