Astra мәліметінше, күдікті – 26 жастағы Баходур Зухуров. Ол бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Тергеу комитеті жариялаған видеода ер азамат кешірім сұрап, «енді бұлай істемейтінін» айтқан.
Тергеу нұсқасына қарағанда, ол телеграм-чаттардың бірінде «Крокустағы» теракт туралы видео жариялап, терактіні «ақтау белгілері бар» пікір қалдырған. Зухуровтың нақты не жазғаны белгісіз.
Бұның алдында Тәжікстан азаматы Ахмад Файзулохонзода «Крокусқа» шабуылдауға үгіттеген телеграм-топқа тіркелгені үшін Ресейден шығарылған. Бұған қоса, оған 5 000 рубль айыппұл салынған. Қазір ол шетел азаматтарын уақытша ұстайтын орталықта отыр.
Файзулохонзода қаңтардың ортасында Ресейге барып, жұмысқа орналасу үшін патент алған.