"Орталық қызметкерлері жастарды Украинадағы соғысқа қатысу үшін келісімге қол қоюға мәжбүрлеп жатыр. Бірқатар мигранттардың бұл орталықта қамалып отырғанына бір жыл болды", - дейді "Мигрант Медиа" жобасына үндеу жолдаған тәжік азаматтарының бірі. Бірақ редакция олардың қауіпсіздігі үшін видео үндеуді ашық жарияламады.
Ол орталықта 200-ден астам адамның арасында жүкті және балалы әйелдер де бар екенін айтады.
"Мен Ресейге 10 күн бұрын келгем. Құжаттарымның бәрі дұрыс. Бірақ мені негізсіз қамап, 4 мың рубль айыппұл салды", - дейді ол.
Оның сөзінше, орталықта мигранттардың жағдайы нашар.
"Тамақ жақсы емес, сегіз күнде бір рет ғана суға түсуге рұқсат береді. Біздерді кемсітеді, әрең шыдап жүрміз", – дейді ол.
Наурыз айында Мәскеу түбінде болған терактіден кейін Ресейде мигранттарға бақылау күшейді.