Құқық қорғаушы журналистерге зорлық-зомбылық қамтылған видеоны оған тәліп содырларының бірі жібергенін, Ауғанстанның қазіргі билігін сынауды тоқтатпаса, интернетке жариялаймын деп қорқытып жатқанын айтты.
Құқық қорғаушы тәліптер режиміне қарсы акцияға қатысқаны үшін қамалғанын айтты. Ол түрмеден шыққан соң Ауғанстаннан кетуге мәжбүр болған.
The Guardian жазғандай, басылымға осыған дейін де тәліптердің түрмеде азаптағаны жөнінде арыз түскен.