Ссылки доступа

Түркімен билігі "тролларды" қолдана бастады


Қоғамда әлеуметтік-экономикалық проблемалардың ушығып жатқаны жөнінде пікір-талас жүріп жатқанда, түркімен билігі "троллдарды" қолдана бастады. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

Бюджеттік мекемелердің бірінде компьютер маманы болып істейтін редакцияға сұқбат берген адамның айтуынша, соңғы уақытта ресми басылымдарда Бердімұхамедовтер туралы жарияланған мәліметтердің алдында авторитарлық лидерді мақтаған пікірлер көбейіп жатыр.

"Пікір қалдырған қолданушылардың дені жабық акаунттар арқылы шығады. Энергетика институтын бітіріп, Ұлттық қауіпсіздік министрлігіне жұмысқа орналасқан достарымның бірі бұл іске көбінде жастар тартылады деді. Ол бұл істі күшейту үшін Ресейден маман шақырылғанын айтты", - дейді ол.

XS
SM
MD
LG