Ссылки доступа

Өзбекстан парламенті бөлелер арасындағы некеге тыйым салатын заң қабылдады


Өзбекстан парламентінде Отбасы кодексіне бөле деңгейінде жақын туысқандар арасындағы некеге тыйым салуды көздейтін өзгеріс енгізілді.

Қазіргі Өзбекстан заңнамасы туған бауырларға, әке мен қызға, әкесі не шешесі бір балаларға, сонымен бірге асырап алған балалар арасындағы некеге тыйым салады.

Парламент талқылаған заң жобасы бөле деңгейіндегі туыстардың некелесуіне жол бермейді. Өзбекстан отбасы кодексіне сәйкес, туған бауырлар мен олардың балаларыне, әке мен шешенің бауырлары мен олардың балаларына, ата мен әженің бауырлары мен олардың балаларына некелесуге болмайды. Генетикалық тест оң нәтиже көрсеткендерге ғана рұқсат етіледі.

Осы құжатты парламентке Отбасы және әйел істері жөніндегі комитет өткізген. Заң жобасының түсіндірмесінде туыстар арасындағы жұптың көбеюіне байланысты генетикалық ауытқуы бар балалар көп туылып жатқаны айтылған.

2021 жылдың екінші жартысында Өзбекстанда немерелес бауырлар арасында 1210 неке тіркелген. Олардың басым бөлігі Сұрқандария мен Қашқадария облыстарында тұрады. 2023 жылы дәл осы екі аймақта генетикалық ауытқуы бар балалар көбірек туылған.

XS
SM
MD
LG