Ссылки доступа

Австралияда терроризмді насихаттады деп сотталған тәжікстандық ғалым бостандыққа шықты


Абдусалом Одиназода
Абдусалом Одиназода

Австралияда "терроризмді насихаттады" деп 3,5 жылға сотталған тәжікстандық ғалым Абдусалом Одиназода бостандыққа шықты.

Ол 2020 жылдың 22 желтоқсанында Австралияның Перт қаласындағы үйінде ұсталған.

Озоди радиосы тілшісіне берген сұқбатында ол жаза мерзімі 19 маусымда аяқталғанын жеткізген.

Одиназода он жылдан астам Батыс Австралия университетінде сабақ берген биохимик ғалым. Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың ақпан айынан бастап полиция оның YouTube каналына салған материалдарын тексере бастаған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, YouTube каналына жариялаған видеолардың бірінде ол "Талибан" мен "Ислам мемлекеті" террористік ұйымдардың әрекетіне тамсанатынын білдірген. Бұл видео материалдар 1,6 млн рет қаралған екен.

56 жастағы Абдусалом Одиназода ұзақ уақыттан бері Австралияда тұрады. Осы елдің азаматы.

Тәжікстанда оған "экстремизм" бабы бойынша іздеу жарияланған.

XS
SM
MD
LG