Ссылки доступа

Тасқын кезіндегі шектеуді сынаған журналист әкімшілік жауапқа тартылды (видео)


Шымкентте журналистер шенеуніктер жұмысы жайлы айтқандарға алаяқтық ісі бойынша қалай іс қозғалатынын айтып жатыр

30 сәуірде Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі соты журналист Рауль Упоровқа "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 73 840 теңге айыппұл салды.  

29 сәуірде Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласында тұратын журналист Рауль Упоров өзін полиция әкетіп бара жатқанын хабарлаған. Журналист мұны әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

"Полиция пунктіне апара жатыр. Әкімшілік іс қозғамақ", – деп жазды Упоров Facebook-тегі парақшасына.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Азаттыққа журналист Рауль Упоровтың үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Кейін Рауль Упоров полиция майоры Байарстанов қол қойған рапорттың фотосын жариялады. Құжатта Упоров журналистердің су басқан жерлерден ақпарат таратуына тыйым салынғаны туралы видео түсіріп, пікір айтқанда балағат сөз араластырып сөйлеген деп жазылған. 25 сәуірде полиция қызметкері басқарма басшысынан осы фактіні тіркеуді сұраған.

20 сәуірде Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Қанат Қарабалаев өңірдегі тасқынға қарсы күрес жөніндегі штаб басшылығы БАҚ өкілдеріне су басқан жерлерге баруына және ол жерден хабар таратуына тыйым салу туралы шешім қабылдағанын айтты.

Мұны "журналистердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне" қажет шара деп түсіндірді. Келесі күні "Просто журналистика" жобасы авторларының бірі Рауль Упоров Instagram-stories-те видео жариялап, онда жаңа ереже туралы айтты, ол "нағыз журналистер өздері болуы қажет жерде жұмыс істеуі керек" деп мәлімдеді.

Упоровтың айтуынша, осыдан кейін оған учаскелік полиция қызметкері келген. Сол кезде оның үстінен шағым түскенін айтқан.

XS
SM
MD
LG