Ссылки доступа

Түркіменстанда бюджет қызметкерлерін мақта теруге мәжбүрлеу жалғасып жатыр


Түркіменстанда мақта теру науқаны ресми басталмаса да, Мары, Лебап және Балкан облыстарындағы мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін мақта теруге жібере бастады. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

"Биыл ақша жинау 20 тамызда басталды. Әрбір мекеме мақта теруге күн сайын кем дегенде 15 қызметкерін жіберіп отыруы керек. Бұдан бөлек әрбір қызметкер жалданып істейтін адамға 40 манаттан беруге міндетті", - деді тілші.

Ақпаратқа сәйкес, Лебап облысында мемлекеттік қызметкерлер жалдамалы жұмысшыларға деп 30 манаттан, Балкан облысында 45 манаттан жинап жатыр.

Түркіменстанда мақта терім ресми түрде қыркүйектің екінші аптасында басталады. Бірақ 1 миллион 250 мың тонна деп белгіленген бір жылдық мақта теру жоспарын атқару үшін бюджеттік мекеме қызметкерлерін мақта жинау науқанына тартады.

Мақта өндіру бойынша әлемдегі 10 ірі елдің қатарына кіретін Түркіменстан үкіметі мақта теру кезінде азаматтарын, оның ішінде балаларды мәжбүрлеп жұмысқа тарту бойынша сынға қалып келеді.

XS
SM
MD
LG