Ссылки доступа

Петербургте 400-ден астам мигрантқа депортациялау шешімі шықты


Құжаттарды тексеру кезі (көрнекі сурет)
Құжаттарды тексеру кезі (көрнекі сурет)

Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан миграция заңдарын бұзды деген айыппен 400-ден астам шетел азаматы депортацияланады. Бұл туралы Петербург сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Соңғы аптада Ресейдің бірқатар қалаларында мигранттарға қарсы тексерулер күшейді. Өткен аптаның соңғы бес күнінде Петербург соттары миграция заңдарын бұзуға байланысты 600-ге жуық істі қараған.

"Фонтанка" сайты 418 адамды депортациялау үшін оларды уақытша қамауға алғанын жазды.

22 наурызда Мәскеу түбіндегі концерт залында шабуыл болып, 144 адам қаза тауып, 551 адам жарақат алған.

Шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" радикал тобы мойнына алған. Федералдық қауіпсіздік қызметі 11 күдіктіні ұстағанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG