Ссылки доступа

Ресейде жыл соңында 130 мың таксист жетіспейді


Ресейде таксистердің жетіспеушілігі 2024 жылдың соңына дейін 130 мың адамды құрайды. Мұндай болжамды Шығыс экономикалық форумында "Яндекс Go" компаниясының мемлекеттік органдармен жұмыс істеу бөлімінің директоры Антон Петраков мәлімдеді.

Оның сөзінше, оған басқа жағдайлар мен миграция саясаты және таксистерге тәртіптің күшейтуі себеп болып отыр.

"Жүргізушілердің кірісі салыстырмалы түрде жақсы, бірақ талаптары аз басқа аймақтарға кетіп жатыр", - деді Петраков.

Жүргізушілер жетіспегендіктен такси бағасы өсіп жатыр. Күз және қыста сұраныс көп болады, сонда баға тағы қымбаттауы мүмкін деді Петраков.

Осыған дейін "Агентство" Ресей аймағының үштен бір бөлігінде мигранттардың таксист болып жұмыс істеуіне тыйым салғанын жазған. Мұндай тыйым 27 аймақта күшінде.

XS
SM
MD
LG