Ссылки доступа

АҚШ-та төрт америкалық Кремльге жұмыс істеді деп айыпталды


АҚШ әділет министрлігі
АҚШ әділет министрлігі

Құрама Штаттарда алқа билер соты төрт америкалық азаматты АҚШ аумағында Ресей мүддесі үшін жұмыс істегені үшін кінәлі деп тапты.

АҚШ әділет министрлігінің сайтында жарияланған мәлімет бойынша, бейсенбі күні алқа билер соты Сент-Луис тұрғындары Омали Йешитела (82 жаста), Пенни Хесс (78 жаста), Джесси Невел (34 жаста) және Атланта тұрғыны Огастес Ромейнды (38 жаста) айыпты деп таныды.

Сот мәліметінше, олар кем дегенде 2015-2022 жылдар аралығында АҚШ аумағында Ресей үкіметінің мүддесі үшін жұмыс істеген.

Әділет министрлігінің дерегіне қарағанда, төртеуінің де "Ресей антиглобализм қозғалысының" президенті Александр Ионовқа қатысы бар.

Олардың әрқайсысы бес жылға дейін сотталуы мүмкін. Үкім шығатын күн әзірге белгіленген жоқ.

Мәліметтерге қарағанда, Ионов ұзақ жылдар бойы Ресей федералдық қауіпсіздік қызметіне жұмыс істеген, осы мекеменің Екінші қызметінің тапсырмаларын орындаған.

XS
SM
MD
LG